Павлодарда 13 жастағы жасөспірімді төрт адам аяусыз соққыға жыққан
Павлодарда 13 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бұл факт тіркелген. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігі, 4-тармағы – денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде жасөспірімнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат пайда болды. Оны төрт адам соққыға жыққан. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шегуші 13 жаста екенін атап өтті. Ол көптеген жарақаттар мен сызаттар алды. Алған жарақатына байланысты дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"