Павлодар облысындағы мектепте 23 оқушы уланды: Аспаздардан инфекция табылды
Павлодар облысының Павлодарское аулындағы мектепте 23 оқушы уланып қалған. Оған аспаздардан түскен инфекция себеп болыпты. Асханада істейтін кейбір жұмысшыдан алтын түстес стафилококк табылыпты. Әзірге олар ем алып жатыр. Ал мектеп асханасының жабық тұрғанына 3 апта болған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Асхана жұмысшыларына қатысты күтпеген тексеріс жүргізілді. Екі аспаздан алтын түстес стафилококк анықталды», - дейді облыстық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанова.
Тексерушілердің сөзінше, 21 баладан қауіпті бактериялар табылған. Сонымен қатар асхананың лас екені анықталыпты. Ас әзірленген кезде дайынадау технологиясы бұзылған. Сонымен қатар асхана жабдықтарының күйі де мәз емес.
Ал құқық қорғау органдары «Санитарлық ережелерді бұзу» бабы бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Кәсіпкерге 1 миллион теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"