Павлодар облысында күйеуінің ағасын өлтірген көп балалы ананың жазасы жеңілдеді
Павлодар облысында күйеуінің ағасын өлтірген көп балалы әйелдің жазасы жеңілдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Павлодар ауданының Жаңа-қала ауылында былтыр қыркүйек айында болған. Көп балалы әйел ас үйде тамақ дайындап жүрген, оның қолында пышақ болған. Осы уақытта күйеуінің ағасы мас болп келіп, оны қорлай бастаған, содан кейін бетінен салып жіберген. Жауап ретінде әйел оны пышақпен жарақаттады. Соққы жүрек аймағына тиіп, жәбірленушіні құтқару мүмкін болмады.
Әйел сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.
Үкім шыққаннан кейін желі қолданушылары әйелге негізсіз өте қатаң жаза қолданылды деп хабарланды. Олар әйелдің абайсызда қылмыс жасағанын, әрекеттердің қасақана болмағанын айтты.
Сонымен бірге, әйел оқиға кезінде алтыншы балаға аяғы ауыр болған.
Осыдан кейін сотталушы апелляциялық сатыға жүгінді.
Нәтижесінде Павлодар облыстық сотының апелляциялық алқасы сотталушының үкімін жеңілдетіп, оның орындалуын кейінге қалдырды.
"Павлодар облысы Павлодар ауданы Жаңа қала ауылының көп балалы тұрғыны "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотталды, ол 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған ең аз жаза тағайындалды - 8 жыл. Заң бойынша, ерекше жеңілдететін мән-жайлар болған кезде сот ең төменгі шектен төмен жаза тағайындауы мүмкін", - деді соттың баспасөз қызметі.
- "Басқа амал жоқ": Павлодар облысында ауыл тұрғындары малды жаппай сойып тастамақ
- Өзін қорғамақ болған: Алматы облысында 55 жастағы әйел мас күйеуін пышақтап өлтірді
Отырысқа қатысқан жәбірленуші тарап, марқұмның анасы келінін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Жаңа қала ауылының тұрғындары да сотқа осындай өтінішпен жүгінді. Сонымен бірге олар жәбірленушіге берілген теріс мінездемені және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған ескеруді сұрады.
Сот алқасы сотталушының алты кішкентай баласы (кішісіне - үш ай) болғанын, тергеуге белсенді үлес қосқан, оң мінездемесін, сондай-ақ жәбірленушінің заңға қайшы әрекеттерін ерекше жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Осыған байланысты сот жазаны бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға (мерзім ең төменгі шектен төмен) шешім қабылдады. Сондай-ақ, жазаны орындауды бес жылға кейінге қалдырды. Сотталушы қамаудан босатылды.