AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа амал жоқ": Павлодар облысында ауыл тұрғындары малды жаппай сойып тастамақ

Павлодар облысында ауыл тұрғындары малдарды жаппай союға дайындалып жатыр. Өйткені сиырларды асырауға ақша жоқ. Жақында ғана жергілікті кәсіпкерге бір литр сүтті 160 теңгеден өткізіп жүрген. Бірақ кәсіпкер кенеттен бағаны екі есе азайтты. Адамдар күнкөрісіне қаражат таппай қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ержан Жұмабаев көптен бері Луганск ауылында тұрады. Ол ауыл шаруашылығымен айналысқан. Сиыр өсіріп, сүт сатады. Ауыл тұрғынының жалғыз табысы - осы.

20 бас мал ұстау үшін күніне 20 мың теңге жұмсалады - бұл шөп, сұлы, жем және жұмысшының жалақысы. Күніне шамамен 150 литр сүт алады, бірақ оларды жинау үшін таңғы сағат 5-те тұру керек. Сағат 8-де сүт әкететін көлік келеді. Осындай қиын жұмыс үшін адамдар 15 мың теңге алады. Яғни, шығынға жұмыс істейді. Бірақ енді тұрғындар ол ақшадан да қағылды. Бұған дейін жергілікті кәсіпорын екі ауылдан сүттің литрін 160 теңгеден сатып алатын. Қазір баға шамамен екі есеге қысқарды. Адамдар бұл қаражатқа отбасын асырау былай тұрсын, сиырларды өсіру мүмкін емес екенін айтады. Сиырларды союға тура келеді.

"Әзірге сүт сатпаймыз. Ең болмағанда зауыттар біздің бағамызды аздап көтерсін. Аз емес, бұрынғы бағаны қайтарсын. Себебі бір литр су бір литр сүттен екі есе қымбат. Жайылымдар қымбат. Ақтап жатқан жоқпыз. Біз шығынға жұмыс істейміз", - деді Богдановка ауылының тұрғыны Людьмила Кузьмина.

"Оларды сою ғана қалды. Басқа не істеуге болады? Тіпті малды тамақтандыра алмаймыз. Біз тек сауамыз, тапсырамыз және осы ақшаға жем сатып аламыз. Енді бір литр сүт бағасын азайту туралы шешім қабылданды. Майсыз сүт дүкенде 300 теңгеден сатылады", - деді Луганск ауылының тұрғыны Надежда Мазанова.

Жергілікті әкімдік кәсіпкер бағаны төмендетуіне бәсекелестік болмауы себеп екенін айтты.

"Яғни, қазір сүт қабылдайтындардың бірі кетіп жатыр. Бәсекелестік жоқ. Демек өндіруші зауыттар біріккен.  Бәсекелеспеу үшін олар сүттің бір бағасын белгіледі", - деді Луганск ауылдық округінің әкімі Вадим Щеглов.

Бірақ ауыл шаруашылығы басқармасы сатып алу басқа себеппен төмендеді деп мәлімдеді. Сүттің әр литріне 100 теңге - бұл бүкіл аймақтағы жеке үй шаруашылықтары үшін орташа баға. Ал жекелеген ауылдарда оны эксперимент ретінде 160 теңгеге дейін көтерген.

"Екі ауылдық округте - Успен ауданында, Равнополь ауылдық округінде және Павлодар ауданында, Луганск ауылдық округінде эксперимент түрінде жасады. Халықтан сатып алу бағасын 160 теңгеге көтерді. Адамдар оларға сапалы және үлкен көлемде сүт тапсыруға осылайша қызығушылық танытқысы келді", - деді Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаев.

Бірақ қазір Павлодар облысының мал басына қауіп төніп тұр. Ауыл тұрғындары сүтті арзан бағамен бергісі келмейді. Қосалқы шаруашылықтан мүлдем бас тартқан жөн, дейді халық. Ал шенеуніктер оларға кооперативтерге бірігуге кеңес береді. Бұл жағдайда шаруалар субсидия ала бастайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр