Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Павлодар облысы Қарасук ауылының 27 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіттің өлімі туралы павлодарлық еріктілер Instagram парақшасында хабарлады.
"27 сәуірге қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Дархан Байтоқ өлі табылды. Осымен бітті. Өкінішке орай, біз қорыққан дүние болды", – деп жазды "VITA" жасағының еріктілері.
Жігіттің өлімі туралы ақпаратты Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қамыс арасынан Дархан Байтоқтың денесін тапты. Қазіргі уақытта мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылды", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған