AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар Текелідегі апаттың алдын ала себебін атады

Мамандар алматы облысы Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала себебін атады. Сөздерінше, қайғылы оқиғаға толассыз жауын мен бір көше жоғарыда орналасқан су құбырының жарылуы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

текелі

Лай көшкіні салдарынан 5 үй зақымдалып, 5 жасар бала қайтыс болған еді. Қазір оқиға орнында табиғи апат салдарынан келген залалды есептейтін арнайы топ жұмыс істеп жатыр. 

Лай ағынының жалпы аумағы 30 метр болған. Бір үй толық қирап, тағы төртеуіне зақым келген. Оқиғадан кейін ауыл тұрғыны Амангелді Жидебаев әлі есін жинай алмағанын айтады. 

"Балалармен үйде теледидар көріп отырғанбыз. Кенеттен көшеден қатты дауыс пен көршілеріміздің айқайлағанын естідік. Есікке қарай жүгірдік, бірақ топырақ жауып қалған, терезеден шығып үлгердік. Қазір үйдің ішіндегі лайдың биіктігі бір метр, үшке кіру мүмкін емес. Лай ағыны барлық шаруашылық құрылыстарын бұзып кетті. Бастысы өзіміз аманбыз", – деді Амангелді Жидебаев. 

Көшенің жоғарғы бөлігінен аққан лай мен судың жалпы көлемі 400 мың текше метр болған. Лай көшкіні салдарынан 5 жасар қыз мерт болды. Қазір арнайы комиссия зардап шеккен отбасыға материалдық көмек көрсету үшін жұмыс жүргізіп жатыр. 

"Кеше отбасымен кездесіп, жерлеу туралы сөйлестік. Қандай шығындар болады, барлығын өз бақылауымызға алдық. Үйге қатысты сараптамадан кейін сатып алу немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылданды", – деп мәлімдеді Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов.

Апаттың салдарын жою бойынша жұмыс бір тәулікке жалғасқан. Қазір қалада әскерилер, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер мен кәсіпорындар жұмылдырылған. Арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Мамандар апаттың алдын ала себебін де атады. 

"Олардың барлығы қауіпті аймақта орналасқан, себебі жоғарғы бөлікте барлығы бау-бақшасын құбыр суымен суарады. Су топыраққа сіңеді, сондықтан су құбыры жарылды деп ойлаймыз. Кейін топырақ ойысып, лай көшкініне әсер етті", – деді "Қазселденқорғау" Мемлекеттік мекемесі бөлімінің басшысы Мейрам Нұрымбетов. 

Апатқа дейін Текеліде лай көшу қауіпі бар алты аймақ анықталған. Қазір тағы біреуі қосылды. Зардап шеккен бес үйден бөлек тағы алты үйге қауіп төнген. Қазір бұл үйлердің тұрғындары эвакуацияланып, қонақ үйлерге орналастырылыпты. Жергілікті билік апаттан келген зиянды есептеп жатыр. Сондай-ақ қалпына келтіру керек 4 үй анықталып отыр.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр