AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 4 адам белгісіз затпен уланып көз жұмды

Павлодар облысында төрт адам белгісіз заттан уланып көз жұмды, тағы үшеуі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай Павлодар облысының Ертіс ауданында орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жеті адам белгісіз затпен уланған.

Зардап шеккендердің бәрі ер адамдар, олар 32 мен 67 жас аралығында болған.

"Белгісіз затпен уланудың жеті оқиғасы тіркелді. Үш адам үйде қайтыс болды, төрт адам Ертіс аудандық ауруханасына жүгінді, олардың біреуі қабылдау бөлімінде қайтыс болды", - деп хабарлады Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірі Павлодардың №3 қалалық ауруханасына орташа ауыр жағдайда жеткізілген.

"Екі ер адамның жағдайы өте ауыр, оларға өкпені жасанды желдету аппараттары қосылды. Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - деп атап өтті ведомствода.

Дәрігерлердің мәліметінше, марқұмдардың ең жасы – 32 жаста, үлкені – 67 жаста. Ауруханада 1980, 1974 және 1969 жылы туған науқастар бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр