Павлодар мектебінде газдың иісінен 15 оқушы зардап шеккен
Ленин кенті мектебінде газ шашылып, оның иісінен 15 бала зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі PavlodarNews сайтына сілтеме жасап.

23 қыркүйекте Ленин кентіндегі № 33 орта мектепте сағат 11:00 шамасында белгісіз біреулер екінші қабаттың дәлізіне бұрыш спрейін шашқан.
"Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды, 15 оқушы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, полиция қызметкерлері мен Павлодар қалалық төтенше жағдайлар бөлімі жұмыс істеп жатыр", – деді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Тілекжан Ғалямов.
Әзірге аталмыш жағдайға кінәлілер анықталмады. Оқиға орнында дәрігерлер, полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, жағдайды анықтап жатыр.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Павлодарда мектепті “миналаған” оқушы анықталғаны хабарланған еді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"