Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс аяқталғанын мәлімдеді
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы ұзақ жылдарға созылған қақтығыс кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2025 жылғы 8 тамызда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен үшжақты кездесудің бір жылдығына орай өзінің Telegram-арнасында жазды. Сол кездесуде Баку мен Ереван арасындағы бейбіт келісімнің жобасы парафирленген болатын.
"2025 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. 8 тамызда Вашингтонда біз "Бейбітшілік декларациясы" деп атайтын бірлескен құжатқа қол қойылды. Содан бері Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнады және мұны барлығы сезініп отыр", – деді Пашинян.
Оның айтуынша, Вашингтонда екі елдің сыртқы істер министрлері парафирлеген бейбітшілік орнату және мемлекетаралық қатынастар туралы келісім енді қол қою мен ратификациялауды күтіп отыр.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
