Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, үш елдің біріне жасалған қарулы шабуыл үшеуіне де жасалған шабуыл ретінде қарастырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Reuters мәліметінше, бірлескен мәлімдемеде келісімге қатысушы елдердің нақты қандай міндеттемелер алатыны көрсетілмеген.
Түркиялық аты-жөнін атамаған шенеуніктің айтуынша, бұл келісім ешбір мемлекетке қарсы бағытталмаған. Оған аймақтағы басқа елдер де қосыла алады. Сондай-ақ келісім қатысушы мемлекеттердің бұған дейін жасалған халықаралық келісімдерін жоймайды және алмастырмайды.
Түркия НАТО-дағы әскері саны бойынша екінші орында. Сауд Арабиясы – АҚШ-тың Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі. Ал Пәкістан ядролық қаруға ие.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”
