"Парижде ұсыныс жасау идеясын өзім айттым": Блогер Мерей Абилова күйеуімен танысқан күнін есіне алды
Желі жұлдызы, блогер Мерей Абилова болашақ жарын қалай жолықтырғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/abilovva_m/
Блогер Сырласу подкастында қонақ болып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
“Қазан айында отбасымызбен бірге қажылыққа аттандық. Сол қасиетті қалада отырып, болашақ күйеуімді тіледім. Сыртқы келбетін сипаттап, өзімнің көңілімдегі жігітті шын жүрегімнен бере гөр деп құдайға жалбарындым. Қарашаның аяғында танысып, кездестік. Арасы бір жарым ай ғана. Әлеуметтік желі арқылы таныстық. Танысуымыздың өзі қызық оқиғаға толы. Димаш маған бес жылдан бері жазып жүр екен. Менің таныс құрбым бар еді, ол қыз – мейрамхананың бастығы. Сол мейрамханаға Димашты досымен бірге шақырған. Қонақ етіп отырғанын айтып, Димаштың парақшасын белгілеп қойған. Ойымда ештеңе жоқ кіріп қарап шықтым. Сөйтсем, маған 2019 жылдан бері жазып жүр екен. 2021 жылы бір рет жазыпты. Сол кезде мен жауап қайтардым. Уақыты өтіп кеткен хабарламалар болса да. Кейін мені кездесуге шақырды. Гүлі мен сыйлығы бар. Бірден сөздері ұнады, өзіне сенімді жігіт болды. Бірден "ниетім түзу, сенімен отбасын құрғым келеді" деді. Бірінші кездесуде "не ұнайды, алып беремін" деп сұрады. Ол Дубайға кетіп бара жатты, бір апта жаттығуы болатын. Мен де не ұнайтынын жібердім. Бірінші кездесуден-ақ қалауымды жеткізе аламын. Мен "үйленуге ұсыныс жасасаң, Парижде жаса" дедім. Осылай айта алғаным үшін өзімді жазғырмаймын. Еркек адам басыңда не барын білмейді. Ойыңды айта алу дұрыс деп ойлаймын", – деді блогер.
Блогердің жары – футболшы Димаш Кашкен. Ол да Мерейге ерекше ықыласты екенін жасырмай, шын сүйетінін жеткізді.
Ер адам бірінші әйелдің сыртқы келбетіне қарайды. Мерей сыртқы сұлулығымен қатар, жан-дүниесі де көркем қыз. Бірден көзіме түсті. Одан кейін мінезі ұнады, үнемі жайдары жүреді, ешкіммен ұрыспайды. Қазақ тілін жақсы біледі, қазақтың салт-дәстүрлерін сақтайды. Жүрек түкпіріндегі қызды кездестірдім деп ойлаймын", – деп жан сырын ақтарды футболшы.
Еске салайық, блогер ұзату тойына 15 миллион теңгеден артық қаражат жұмсалғанын айтқан еді.