Парижде ер адам жалған Олимпиада медальдарын сатқан
Парижде ер адам жалған Олимпиада медальдарын сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Le Parisien басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: olympic.kz
Le Parisien басылымының мәліметтеріне сәйкес, күдіктіден 800-ден астам жалған награда табылған.
Ұсталған адам 23 шілдеде Олимпиада ойындарының ашылуына бірнеше күн қалғанда Францияға келген 39 жастағы бразилиялық болып шықты.
Тергеушілер оның жалдамалы пәтерін тінту кезінде бауы бар 198 толық медаль, бауы жоқ 666 толық емес медаль, 655 зергерлік бұйымдар мен Париж 2024 эмблемасы бейнеленген 727 бау табылды. Сондай-ақ 1340 еуро қолма-қол ақша мен 500 еуроның жалған купюра анықталды.
Ер адам тергеуге дейін қамауға алынды. Құзырлы органдар жалған медальдардың қайдан шыққанын анықтап жатыр.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты