Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Параны кім алмақ болғанын түсіну керек": "Ақ жол" партиясының төрағасы орынбасарының ұсталғанын растады

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өзінің орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Азат Перуашев Telegram арнасы

Перуашев жағдайды әлі нақты түсінбегенін жеткізді.

"Бұл ақпарат тарағанымен ресми дерек болмағандықтан, біз жұма күні ҰҚК-ге сұраным хат жібердік. Кеше Васильевтің ұсталғанын растайтын жауап алдық. Оның адвокаттарының байланыс номері берілді. Олармен байланысуға тырыстық. Дегенмен бүгін-ертең олармен сөйлесеміз деп үміттенемін. Адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, біз не болып жатқанын түсінеміз", – деді Азат Перуашев.



Сонымен қатар ол орынбасарының қай бап бойынша ұсталғанын әлі нақтыламағанын атап өтті.

"Шамасы, қызметтік хат-хабарлардан қандай да бір ақпарат тарап кеткен шығар. Бұл жерде айып оған емес, Ұлттық ұланның лауазымды адамына "пара алу" бойынша тағылған сияқты. Жағдайды дұрыс түсіну керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүр болған адам қылмыскер емес. Параны кім алмақ болғанын түсіну керек. Васильев не өзі кінәлі немесе бопсалаудың құрбаны болды", – деп түйіндеді Перуашев.

Еске салсақ, Ұлттық ұлан бас қолбасшысы орынбасары пара алу кезінде ұсталғанын хабарлаған едік. Ақпаратта "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны айтылған.

Талқылау