Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парацетамол дәрісін кімдерге қабылдауға болмайды? Дәрігер түсіндіріп берді

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников «Россия 1» телеарнасының эфирінде парацетамолдың белгілі бір жағдайда денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, адамдарға бұл дәріні ішімдікпен бірге қабылдауға болмайды, өйткені бұл бауырға жүктемені арттырады және оның зақымдануына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, бауыр аурулары бар адамдар парацетамолды қолдануды тоқтатуы керек.

«Егер сізде бауырдың созылмалы аурулары болса: жұқпалы гепатит, кезкелген тектегі бауыр циррозы, стеатогепатозбен ауырсаңыз, парацетамол кері әсер беруі мүмкін», - деп атап өтті дәрігер.

Дәріні ішімдік ішкеннен кейін де ішуге тыйым салынады. Сондай-ақ, маман дәрінің мөлшерін сақтауға шақырады.



«Сіз күніне үш грамнан артық қабылдай алмайсыз. Егер таблетка алты жүз миллиграмм болса, сәйкесінше алты таблетка, егер 1 грамм болса, онда үш таблеткадан артық ішуге болмайды. Өйткені төрт грамм бауырдың уытты зақымдануына әкелуі мүмкін», - деп түсіндірді маман.

Мясников парацетамолдың жұқпалы және қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуге арналған көптеген ұнтақ препараттарына жататынын айтты. Адамдар көп жағдайда бұған назар аудармайды.

Парацетамол анилидтер тобына жататын анальгетик және дене қызуын түсіретін әсерге ие.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр