Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара алған полицейді көлігімен қуған: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкер жол ережесін бұзғаны үшін айыпталды

Оралда полиция қызметкерін пара беру ісінде ұстаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жол

"Мой город" агенттігінің мәліметінше, автокөлікті қуып бара жатқан кезде жол ережесі бұзылған, айыпталушы көліктердің бағытын бөлетін жолақты кесіп өткен. 

"Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 25 маусымда осы аймақтың полиция департаментінің қызметкеріне қатысты арыз келіп түсті, оны "пара алу" бабы бойынша тіркеді", - деді облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Нұрдәулет Самет.

Сол күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері полицейді тексеріп, пара алу фактісін анықтады, деп атап өтті ол.

"Кездесу аяқталған соң пара алушының қызметтік көлігі бұғатталды. Алайда күдікті көліктердің жүруіне назар аудармай, жарқылдауық маяктарын іске қосып, жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолақ арқылы қылмыс орнынан қашып кетті", - деді Нұрдәулет Самет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері қуып жетуге асықты, солардың бірі Toyota Camry автокөлігінде жол ережесін бұзып, көліктердің бағытын бөлетін жолақты кесіп өтті. 

"Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп  өту немесе басып озу" бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Іс сотқа берілді", - деп хабарлады полициядағылар.

Ал ұсталған полицейге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр