"Қызылорда-Құмкөл" тасжолында автобус аударылды: 8 адам көз жұмды
Қызылорда облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 3 желтоқсан күні сағат 5:25 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алыпты. Көктайғақтың салдарынан автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған, салдарынан көлік тайғанап барып аударылып кетіпті. Оқиға болған кезде автобус ішінде 36 адам отырған.
"Жол апаты Қызылордадан 85 км қашықтықта болды. Қазіргі таңда 8 жолаушы көз жұмған. Құтқарушылар өз жұмыстарын жалғастыруда", - деп айтылған төтенше қызметтің мәлімдемесінде.
"Жол-көлік оқиғасының себебі ретінде көлік қозғалысының бұзылуы мен көктайғақ болуы мүмкін. Соталды тексеріс ісі басталып кетті. ҚР ҚК-нің 345 бабының 4 тармағы бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда арнайы сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қызылорда облысының ПД-нің баспасөз қызметі.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен