"Өзіңізді аямайды екенсіз": Сегізінші жүктілігін жариялаған танымал жайдарманшының әйелі сынның астында қалды

Танымал жайдарманшы Ғалым Махамбетовтың жары сегізінші сәбиіне аяғы ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты өнер иесінің жары Әсия Тәңірбергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Ғалымға витамин бермеңдерші”, – деп жазған ол жазбасына.
ОқыңызМұны естіген көпшілік өнер иесі мен жарын жарыса құттықтап жатыр.
Алайда пікір жазғандардың қатарында оларды сынайтындар да табылды.
“Түсінем бала деген бақыт, бірақ әйел өз-өзіне жаны ашу керек қой, ең болмаса арасын 2-3 жыл созу керек шығар. Сонда туады бала бір жасқа толмай көтереді ме?”, “Өзіңізді аямайды екенсіз”, “Онымен қоймай, дәруменге жарнама жасап отыр. Ұлы дардай, қалай ұялмайды”, “Әйел өзін, денсаулығын ойламаса, еркектің дымы да кетпейді”, “Жалпы, бала туудан басқа немен айналысып жатырсыздар”, – деп жазған олар.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.