"Өзіне жалақы аударған": Ақтауда мектеп есепшісі 76 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды
Ақтаудағы мектептердің бірінің есепшісіне 76 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, тексеру барысында прокурорлар маманның өз бетінше жалақысын көбейтіп, өзіне үш жыл бойы қосымша ақша аударып келгенін анықтады. Есепші өз кінәсін толық мойындады.
“Сот айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Негізгі жазасын өтегеннен кейін ол тағы бес жыл материалдық жауапты қызметтерді атқара алмайды”, – делінген хабарламада.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр