Өзін Ким Кардашьянмен салыстырған Мәдина Сәдуақасова талқыға түсті
Мәдина Сәдуақасова өзін америкалық модель Ким Кардашьянмен салыстырды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақ түсті жылтыр көйлек киген әнші Instagram парақшасында жаңа образын көпшілікке паш етіп:
"Кимекең Кардашьян әдірәм қалсын", - деп жазба қалдырды.
Желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы Мәдинаны қолдаса, екіншілері Кардашьянмен сайысқа түсудің қажеті жоқ екенін алға тартты.
"Ерекше болыңыз. Кардашьянды қайтесіз", "Сізді 43-те деп кім айтады, сұлусыз", "Уау, от", "Қазақ әйелінің символы", "Кардашьян сіздің жаныңызда тұрмайды. Әдемісіз", - деп тілек білдірді желі қолданушылары.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"