"Істі ерекше бақылауға алды": Дана Есеева президент әкімшілігінде болғанын айтты
Дана Есеева қаржы пирамидасын құрды деп қамауға алынған күйеуі Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Блогер президент әкімшілігінің қабылдауында болғанын айтты. Сөзінше, енді іс ерекше бақылауда болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Есеева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық видео-үндеу жолдап, араша сұраған болатын. Айтуынша, сол бастамасынан кейін оны президент әкімшілігіне шақырған.
"Бірер күн бұрын президент әкімшшілігінің қабылдауында болдым. Менің үндеуім естеріңізде болар, олар мені естіп, кездесу белгіледі. Іс бойынша кеткен заңбұзушылықтар туралы адвокаттар мен Мейіржанның шағымын жеткіздім. Біз тек заңды және объективті тергеуді, істі бұған қызығушылық танытпайтын адамдарға беруін сұраймыз.
Мерекеден кейін жаңалық болады деп күтіп отырмын. Әрине, адвокаттар да жұмыс істеп жатыр", – деп бөлісті Есеева.
Блогер алғашқы күндері сағы сынғанын, ал қазір күш жинап алғанын айтып өтті. Ол отбасына қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн