Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова Instagram-да намысына тиген оқырманын сотқа берді

Желіде жағымсыз пікір жазатын хейтерлер Мөлдір Әуелбекованың ашуына тиді. Әнші Instagram-да намысына тиген әйелді сотқа бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рита есімді әйел Әуелбекованың екі рет тұрмыс құрғанын сөз етіп, әншінің көңіліне тиетін былапыт сөздер жазған. Онымен қоса, орамалын сөз етіп, ар-намысына тиген. Әбден ашуға мінген әнші бұл жолы шыдамы таусылғанын, істі соңына дейін апаратынын айтты. 

"Құрметті @rita.sartbaeva, сізді ресми түрде сотқа бергенім жайлы хабарлаймын! Әр сөзіңіз үшін жауап бересіз! Парақшаңызды өшіріп, атын ауыстырып немесе маған шығып кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бұл жолы соңына дейін апарамын. Шеттен шықтыңыздар! Шыдамның да шегі бар!" – деді Әуелбекова. 



Әншіні өнердегі әріптестері мен фанаттары қолдады. 

"Моля, соңына дейін апар! Қолдаймын! Заң сөйлесін! ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады", – деп пікір білдірді теле-радио жүргізуші Аяна Габдуллина.

"Сұмдық! Ақ ит кiрiп, көк ит шығып жатыр ғой. Аллаһ сақтасын бұндай днолардан! Дұрыс! Қолдаймын! Соңына дейін бар! Басқаларға сабақ болады!" – деді әзілкеш Нұрболхан Шарапов.


 

 

Талқылау