Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзін қамыс және қармен көмген": Қостанай облысында бір апта бұрын жоғалған малшы аман табылды

Қостанай облысында Амангелді ауданының аумағында бір апта іздеген малшы аман-есен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кетті. Ол жылқыларды іздеуге кеткен.

Ауқымды іздеуге елуге жуық адам қатысты: полиция, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, 49 жастағы ер адамды іздеу үшін 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ келді.

Құтқарушылар тікұшақ арқылы ер адамның жылқысын байқаған. Амангелді Тұржанов аттың жанында болған. Ол өзін қамыс пен қарға көміп жатқан. 


Қарағанды облысында ер адам далада үсіп өлді


"Жергілікті ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірінде шопан болып жұмыс істейтін 50 жастағы ер адам 27 ақпанда сағат 11:30-да Обалы аймағында табылды.  Ер адам қамыстың арасынан табылды. Ол қатты шаршаған және өздігінен әрең қозғалады. Осы уақыт ішінде далада болды. Оның жанында жылқысы болды", -  деді Қостанай облысының ТЖД-де.

Малшыны тікұшақпен Жезқазғандағы медициналық мекемеге жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады, есін біледі.

Талқылау