"Қай еңбегі үшін?”: Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды
Танымал әнші Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото желі кадрларынан
Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жансейтов жақсы жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.
“Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңізге алғыс білдіремін. Қуанышымда шек жоқ!”, – деді әнші.
“Құттықтаймын, жастарға керемет үлгісіздер”, “Құтты болсын, сол төсбелгісіне лайық жан”, “Өте мейірімді, ақкөңіл жан, марапатына әбден лайық”, “Не үшін, қай еңбегі үшін, жауап жоқ”, “Өзі де ұялатын сияқты”, “Іштеріңіз күйсін, әбден лайық”, – деп таласты пікір қалдырушылар.
Еске салсақ, бұған дейін Бүркіт Аишаның не себепті қазақша сөйлемейтінін түсіндірген еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған