"Балалардан ұят": Жақында ғана әке атанған Өмірқұл Айниязов немерелі болды
Бірнеше ай бұрын ғана үшінші рет әке атанған әнші Өмірқұл Айниязов немерелі болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov
Қуанышты жаңалығын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Осыдан 4 ай бұрын балалардан ұят болды-ау деп ұлды болып едім. Ал бүгін немерелі болдым ағайын, құттықтап қойыңыздар”, – делінген жазбада.
Жазбаға желі қолданушылары "Ата, мәртебеңіз құтты болсын!", "Ондай бақыт әркімге бұйыра бермейді, сондықтан бұл ұят емес", "Құттықтаймын! Анам да мені 45-те дүниеге әкелді", "Не ішіп жүрсің, айтшы?" деген пікірлер қалдырған.
Еске салсақ, бұған дейін Өмірқұл Айниязовтың жүкті келінімен түскен фотосы сынға қалғаны туралы жазған едік.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты