Өзбекстандағы хайуанаттар бағында аю қызметкерді өлтірді (видео)
Андижан хайуанаттар бағында аю қызметкерге шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 3 қаңтарда сағат 16:00-де болды. Хайуанаттар бағының қызметкері оны тамақтандыру үшін аюдың қоршауына кірген. Жануар оған секіріп, мойнын тістеп алады. Ауыр жарақаттардан ер адам сол жерде мерт болды.
"Қожаабад ауданының ІІБ тергеу бөлімі тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Өзбекстанның Андижан облысы ІІБ баспасөз қызметі.
Аю шабуылының себептері туралы айтылмайды.
2018 жылдың желтоқсанында сол хайуанаттар бағында күзетшіге екі арыстан шабуылдаған.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"