Өзбекстанда 27 жастағы әйел үш баласымен 9-қабатты үйдің терезесінен секірген
Өзбекстанда 27 жастағы тұрғын тоғыз қабатты үйдің терезесінен үш баланы лақтырып, артынан өзі секірген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Сіргелі ауданында 3 сәуірде кешке орын алды. Оқиға орнында түсіріліген бейнежазба Ташкент жұртшылығы мен мессенджерлеріне тарады.
Өзбекстанның Бас прокуратурасы ақпаратты растады. 27 жастағы әйел тоғызыншы қабаттағы пәтердегі терезеден балаларын кезек-кезек лақтырып, соңында бір жасар қызын қолына алып, өзі де секіріп кеткен. Әйелдің өзі де, 4 және 5 жасар ұлдары мен сәбиі де көз жұмды.
Марқұмның мұндай әрекетіне не себеп болғаны әлі белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”