Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз баласын жоғалтса да, өзгені құтқарды: Арыс тұрғыны 3 жасар баланы ата-анасына қайтармақ

Арыс қаласының тұрғыны Балқия Зәуірбекова жарылыс кезінде жоғалып кеткен баланы тауып алды. Бұған дейін әлеуметтік желіде ТЖ кезінде жоғалып кеткен бала туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Өз баласын жоғалтса да, өзгені құтқарды: Арыс тұрғыны 3 жасар баланы ата-анасына қайтармақ

«Біз Ұлан есімді баланы ата-анасына табыстамақпыз. Қарны тоқ, тамақтандырдық. Күйеуіммен және үш баламызбен Қазығұртқа бара жатырмыз», - дейді Арыс қаласының тұрғыны.

Бұл орайда әйел өзінің де бір жасар баласын жоғалтып алғанын айтты. 

«Өз баламызды да жоғалтып алдық. Оны Қазығұртқа алып кетті деп естідік. Ендігі табылған баланы тапсырып, өз баламызды алып кету үшін сол жаққа бара жатырмыз», - дейді Балқия Зәуірбекова.

Өз сөзінде ол жоғалып кеткен 3 жасар Ұланды қалай тауып алғанын айтып берді. 

«Дүрбелең басталған кезде, бұл бала әскери бөлімнің маңында жоғалып кеткен. Біраз уақыт бұрын ғана інім ол баланы тауып, бізге тапсырды. Бізді эвакуациялады. Балаларымызбен бірге Оңтүстік бағытқа жеткізілдік. Сол жақта күйеуіммен кездестім. Бала өзінің 3 жаста екенін айтты», - дейді ол.

Айта кетсек, ТЖД мектептерге жеткізілген балалардың тізімін жариялады

Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады. 

Жарылыс дерегі бойынша ҚР ҚК 462-бабының 1-бөлігіне сәйкес (қару, сондай-ақ басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу) қылмыстық іс тіркелді.

Талқылау