"Өте сүйкімді": Жеңіс Ысқақованың бала күніндегі суреті көпшілікті қайран қалдырды
Жеңіс Ысқақованың бала күнгі суреті көптің назарын аударды. Әнші анасы екеуінің суретін жариялады. Озат оқушы болған әншінің бұл суреті мектептегі үлгілі оқушылар құрмет тақтасына қойылған.

Бұл суретті әншінің өзі парақшасында жария етті.
"Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған, алғашқы қоңырау соғылған күн баршаңыздың естеріңізде шығар. Әр адамның ең бақытты шағы мектеп қабырғасында өтті деп ойлаймын. Мына суретті мектептің үлгілі оқушылар құрмет тақтасына анам екеуміз аудан орталығындағы фотосалонға барып түскеніміз əлі есімде. Бүгінгі күн сіздердің естеріңізде ме?", - деп жазды әнші.
Фотода бала Жеңіс Ысқақова мен анасы.
"Ол ең керемет кездер ғой", "Өте сүйкімді екенсіз", "Сіз екеніне сене алмай отырмын", "Анаңыз да сұлу", "Мен де озат оқушы болдым", "Не деген шынайылық, тазалық", - деп жазды жанкүйерлері.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан