"Отбасы банк" жеңілдетілген тұрғын үй алу ережелерін жеңілдетті

Отбасы банк жылжымайтын мүлікте үлесі бар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жеңілдетілген ипотека рәсімдеуге және жалдамалы тұрғын үй алуға өтініш беруге рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отбасы банк мәліметінше, өзгеріс биылғы ақпан айынан бастап күшіне енбек.
Бұған дейін егер кезекте тұрған адамның жылжымайтын мүлікте тіпті кішкентай ғана үлесі болса, ол жеңілдетілген ипотека да, мемлекеттік тұрғын үй де ала алмайтын. Себебі талапқа сәйкес, үміткердің соңғы бес жыл ішінде жеке меншігінде тұрғын үйі болмауға тиіс еді. Мәселен, адамның өз баспанасы болмай, бірақ ата-анасының пәтерінде өте аз ғана үлесі болса, мемлекеттік көмекті қолдана алмайтын.
“Енді адамның тұрғын үйде үлесі болса, бірақ ол кезекте тұрса, мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Яғни, жеңілдетілген ипотека немесе жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігі бар. Бұл мәселе заң жүзінде толық реттелмеген еді. Бірақ Отбасы банк азаматтардың жағдайын түсініп, көп өтініштерді ескере отырып, үлестік меншігі бар кезекте тұрғандарды есепке алу туралы шешім қабылдады”, – делінген банк хабарласында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылдың шілдесіне дейін төмендетілмейтіні туралы жазған едік.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”