Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық танымалдар аралас некені қолдай ма?

Алуа Қонарова 20 жасында өзінің тұрмыс құрған күнінен сурет жариялап, қырғыздың келіні болғанын мойындады. Қырғызстандық азаматпен бас қосқан продюсердің некесі ұзаққа созылмаған. Ал отандық танымалдар «аралас некені» қаншалықты құптайды?

Отандық танымалдар аралас некені қолдай ма?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қазақы отбасында туып-өскен Жұбаныш Жексенұлы өзге ұлтпен құда боламын деп ұш ұйықтаса да ойламаған. Өткен жылы әншінің ұлы Әбілхайыр итальян қызы Мәрияммен отбасын құрған еді.

«Мәриям Жагор деген – орыс қызы» – деген әнді, «Дудар-айды» мен талай жылдар айтып келетін жатқан ән. Осы әнді айтып-айтып, сол ұлымның өмірінің жолында Мәриям деген қыз шығып, қазір отбасын құрды”, – дейді Жұбаныш Жексенұлы.

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның ұлы да бүгінде ер жетіп, үйленуге дайын тұр. Байырбекова болашақ келінінің қазақ болғанын қалайды. Алайда бұйрық солай болып, ұлым өзге ұлттың қызына ғашық болса, көнгеннен басқа амал жоқ дейді ол.

“Сүйіп қалса енді амал жоқ. Бірақ кез-келген адам тілейді ғой өзімнің қанымның, ұлтымның қызына үйленсе деп. Бірақ енді адамгершілігі жақсы болса, екеуі бір-бірін сүйіп тұрса, ештеңе айта алмаймыз деп ойлаймын”, – дейді Байырбекова.

Айгүл Иманбаева ұлына жар таңдасуға өзі араласатынын айтқан еді. Алайда әнші болашақты болжаудан, тағдырдың алдына шығудан қорқады. Бір жағынан, Чехия елінде білім алған Асылжанның шетелдік дос қыздары көп көрінеді.

“Тағдырдың алдына кім шығып көріпті?.. Сол себепті бір нәрсе айтудан қорқамын. Құдай кімді берсе де, қалай берсе де адалынан берсе, дұрыс болар еді. Бірақ өзімнің ұлтым, қазағым болса мен қуанар едім”, – дейді Айгүл Иманбаева.

“Қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді бойына сіңіріп өскен бала. Біздің үйде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанған. Сондықтан біздің айналамыздағы ағайындардың, қаншалықты талапты екенін, Димаш біледі”, – дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау