Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ота жасатқан адамды қалай әдемі деп айтасыңдар?: Түрік әншісі актриса Фахрие Эвдженге қарсы шықты

Түрік киносының алғашқы сұлу актрисаларының бірі Фахрие Эвджен пластикті теріс пайдаланды деп айыпталды. Әнші Тугба Экинджи актрисаның сұлулығына күмәнмен қарайды. Ол жасанды түрді сұлу деп тану қисынсыз деген ойын ортаға салды. 

Әнші актриса Фахриенің мұрнын "түзетуі керек" деп есептейді. 

Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен түрік киносындағы ең әдемі жұптардың бірі. Актер мен жары Фахрие өте жарасымды әрі сымбатты жұп деп саналады. Олардың өміріне қызығатын жанкүйерлері көп. Бурак пен Фахрие фильмдері үшін үлкен қаламақы алды, бірақ белгілі болғандай, олардың керемет табысына бәрі бірдей қуана бермейді.

Әнші Тугба Экинджи Фахриені тамаша актриса деп атауға болмайтынына сенімді. Ол Озчивиттің әйелі не үшін секс-символ болып саналғанына таңданысын жасырған жоқ, деп жазады StarHit.

"Оның сыртқы келбеті туралы айтатыным бар. Мұрны дұрыс емес жасалған, оны түзету керек. Мұрны біртүрлі. Мен косметологпін, бет әлпетіне мән беремін. Фахриенің мұрнын қараңыз. "Үзілген жапырақтар" телехикаясындағы Фахрие мен оның қазіргі түрін қараңыздар. Олар мүлдем басқа! Өте әдемі әйел болу үшін табиғи болу керек. Фахриені сұлу деп санауға болмайды. Пластикалық ота жасатқан адамдарды әдемі деуге болмайды! Мұрындары жасанды болса, әрине, олар әдемі болады", - деді Экинджи TV8 шоуында.

Экинджидің айтуынша, Бурак Озчивиттің өзі де идеалды емес. Ол актердің көзі тым тар және бет пішініне сай емес деп санайды.

Дегенмен, Бурак пен оның әйелі әнші айтқан "кемшіліктері" олардың әлемдегі миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулап алуына және жыл сайын Түркияның ең әдемі адамдарының рейтингін көтеруіне кедергі болмады.


Талқылау