Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кішкентайымыз бар": Бурак Өзчивит әйелі туралы айтып берді

Бурак Өзчивит әйелінің Қазақстанға қатты келгісі келгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Белгілі түрік актері Қазақстанға келіп, көрермендерін бір қуантып тастаған. Әсіресе әйелдер қауымы актердің қызыл кілемде жүріп өткенін асыға күткен. Ол сәт туған кезде бәрі жармаса кеткен көрінеді. Бүгінде отбасын құрғанына екі жыл толған актердің екі айлық баласы бар. Дегенмен, оның соңынан жүгіріп, сұлулығына тамсанатын арулар аз емес. Бурак Өзчивит әйелінің неге өзімен бірге келмегенін түсіндіріп берді. 

"Түсінікті болды. Барлығын ашып айта алмаймын. Бір айтарым, Фахрие қазақ халқына жалынды сәлем жолдады. Екеуіміз басты рөл сомдаған "Бозторғай" телехикаясы Қазақстанда көрсетілді. Сіздерді таниды. Дұғай-дұғай сәлем жолдап, ыстық лебізін білдірді. Бірақ келе алмады. Кішкентайымыз бар. Осы жолы қатты келгісі келген еді", - дейді Бурак Өзчивит.

 

Талқылау