Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанды жақсы көремін": Бурак Өзчивит елімізге келуге ойланбастан келісім беруінің себебін түсіндірді

Бурак Өзчивит неге елімізге келуге қуана келісетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап.

Бурак Өзчивит Қазақастанға келе бергісі келетінін жасырмады. Талай қыздың арманына айналған актер бұл түркі тілдес халықтардың тарихи отаны болғандықтан жаныма жақын деп ағынан жарылған. 

"Мен Қазақстанды қатты жақсы көремін. Бәріне белгілі бұл түркілердің тарихи отаны. Алдынғы жолы келген кезде Астанада да, Алматыда да болғанмын. Ендігі елорданың аты өзгеріп кетіпті. Енді бұл Нұр-Сұлтан қаласы", - дейді Бурак Өзчивит. 

Бауырлас елге келуді мәртебе санайтын Бурак Өзчивит әр шақыртуды қуана қабыл алып, Қазақстанға қай кезде болмасын келуге дайын екенін айтты. Ол туыстас екі халықтың арасындағы мәдени байланыстың бұдан әрі жаңғыра түскенін қалайтын көрінеді. 

"Түбі бір түркі жұрты қашан да тату. Біз туыспыз, бауырмыз. Сондықтан бауырлас қазақ елін мен ерекше құрметтеймін. Әр шақыртуын қуана қабыл аламын. Бұл жолы да ойланбастан келісім бердім", - дейді өнер иесі.

Талқылау