Өскеменде оқушы қыз мектепке бармау үшін ата-анасына жала жапты
Өскеменде оқушы 111 шұғыл көмек көрсету қызметіне хабарласып, ата-анасының соққысына жығылғанын айтқан. Алайда тергеу барысында қыздың жалған шағым түсіргені, мұны мектепке бармау үшін жасағаны анықталған.
Шұғыл көмек көрсету қызметінің психологы 18 қазан күні полицияға келген. Сөзіне қарағанда, оған 12 жасар қыз хабарласып, сіңлісі екеуін ата-анасының ұратыны жайлы айтқан.
"Тексеру барысында қыздың бұл оқиғаны мектепке бармау үшін ойлап тапқаны анықталды. Анасы қызын қосымша сабаққа жазып қойған, бірақ қызы барғысы келмей, ата-анасына қатысты осындай хикая ойлап тапқан", – деді Өскемен полиция басқармасының жетекшісі Андрей Мула.
Жасөспірім 111 телефон нөміріне шағым түсіруге болатынын ғаламтордан білген. Полициядағылар қызға және оның ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді?
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"