Өскеменде екі жүзге жуық адаммен байланыста болған әжейдің коронавирусқа шалдыққаны анықталды
Өскеменде екі жүзге жуық адаммен байланыста болған қарт әжейдің коронавирус жұқтырғаны анықталыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ілияс Мұхамеджан мәлім етті.
"1938 жылғы Өскемен тұрғыны өз бетінше рентгенге түсу үшін емханаға барыпты. Тексеру барысында оған өкпе қабынуы диагнозы қойылып, жедел түрде станционарға жеткізілген. Коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтижені көрсетті", - дейді басқарма басшысы.
Қазір 82 жастағы науқастың жағдайы орташа дейді мамандар.
Қаңтар айында қарт тұрғын Ресейге сапар шегіп келген. Эпидемиялық тексеріс барысында науқаспен қарым-қатынасқа түскен 198 адам анықталыпты.
Әжейдің жақын туыстары станционарға, ал қалғандары үйлерін карантинге жатқызыпты.
Қазір Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған үш адам тіркеліпті.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"