Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде белгісіздер иттің басына шеге қағып, денесін күйдірген

Өскеменде белгісіз біреулер иттің басына шеге қағып, табанын сындырып, бүйірін күйдірген. Жануар ветеринарлық клиникада өлген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өскеменде белгісіз біреулер иттің басына шеге қағып, табанын сындырып, бүйірін өртеп жіберген. Жануар ветеринарлық клиникада өлген.

"Иттердің үргенін естідім. Шықсам, ит су ішіп тұр екен. Үсті лас, қолыма алсам, денесі дірілдеп тұр екен. Денесінде сау жер қалмаған: табаны сынған, басында үш тесік, бірі үлкен, екіншісі көлемі жағынан кішірек. Бүйірі күйген", - дейді Толстова.

Итті ветеринарлық клинакаға жеткізген, алайда оны аман алып қала алмаған. Мал дәрігерлерінің айтуынша, зақымдар өте ауыр болған. Жануарларды қорғаушылар полицияға шағым түсірмек.

Айта кетейік, жақында Нұр-Сұлтандағы еріктілер қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған изолятор аумағында зорлаған төрт иттің табылғаны туралы хабарлаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Министрлер Кабинетіне азаматтық сектормен бірге жануарларды қорғау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Ол жануарларға деген қарым-қатынас кез келген мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі екенін атап өтті.
 

 

Талқылау