Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Жануарларға деген қарым-қатынас - әлемдік өркениеттің өлшемі

Мемлекет басшысы үкіметке азаматтық қоғамдастықтармен бірігіп, жануарларды қорғау бойынша заң шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев мектептер мен ЖОО-ларда экологиялық сауаттылықты арттыру керек екенін айтты.

"Таза Қазақстан" сияқты акцияларды жүйеленген түрде өткізу керек. Экологиялық туризм мәдениетін елде дамыту керек. Үкіметке ғылыми қоғамдастықтармен серіктесе отырып, жасылдандыру бойынша ұсыныстар пакетін жасауды тапсырамын. Азаматтық қоғамдастықтармен бірігіп, үкімет жануарларды қорғау бойынша заң шығару керек. Ал бізде бұ мәселемен жағдай нашар", - деп атап өтті Тоқаев.

Қазақстан Президенті бірқатар жүйелік мәселелерді шешуге арналған жаңа экологиялық кодекстің жобасын еске салды және жыл соңына дейін маңызды құжат қабылдауды өтінді.

"Мен үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту бойынша практикалық шараларды жүзеге асыруды бастауды тапсырамын. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспары бекітілуі керек. Алдағы бес жылда орман қорына 2 миллиардтан астам, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызылады. Бұл акция біздің елді ауқымды жасылдандыруға әкеледі", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Сондай ақ ол заңды және нормативтік тұрғыдан Қазақстанның ұлттық саябақтарын және басқа да табиғи байлықтарын қорғау, осы салада құқық бұзушылық жасаған азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуды күшейту қажет екенін айтты.


Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

Талқылау