Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 7 мектептің оқушылары сабақ кезінде порнографиялық видеолар көрген

Шығыс Қазақстан облысы прокуротурасының тексерісі кезінде өңірдегі 56 мектептің 15 мыңнан астам оқушысының тыйым салынған интернет-контентке қол жеткізгені анықталды. Бұл турал Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Globallookpress.com

Сонымен қатар Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы видеолар іздестіріліп қаралған. Шемонаиха ауданындағы 8 мектеп оқушылары букмекерлік кеңселердің сайттарына кіріп көрген.

Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы түріндегі осы тектес бұзушылықтар Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп), Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы облыстың барлық мектебінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтеріп, облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне қадағалау актісін енгізді (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі), – деп жауап берді прокуратураның баспасөз қызметі.



Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында балалар зорлық-зомбылық әрекеттері мен порнографиялық мазмұнды насихаттайтын сайттарға мектеп компьютерлері арқылы кіргенін жаздық. Облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда мұндай фактілер Тайынша, М.Жұмабаев, Ақжар, Мамлют, Айыртау және Шал ақын ауданы мен Петропавл қаласындағы мектептерде тіркелгенін мәлімдеді.

Талқылау