Өскеменде 17 жастағы жұмысшы өндірісте қолынан айырылды

Өскеменде жазғы демалыста жұмыс істемек болған 17 жастағы жасөспірім өндірістік жарақат алып, қолынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің алдын ала мәліметінше, зардап шегуші құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорында жұмыс істеген. Алайда онымен еңбек шарты жасалмаған және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізілмеген.
Қазір арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
ОқыңызӨткен жылы өңірде өндірісте 45 жазатайым оқиға тіркелсе, биыл олардың саны 52-ге жеткен. Соның салдарынан 62 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапқан.
ШҚО полиция департаментінің ресми өкілі Қарлығаш Жүсіпованың айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталған.
"Полиция Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деді Қарлығаш Жүсіпова.
Еске салайық, бұған дейін Семейде дәл осындай қайғылы оқиға тіркелген еді. Сәуір айында құрылыс нысанында жұмыс істеген 19 жастағы колледж студенті бетон араластырғышқа қолын салып алып, ауыр жарақаттанған. Осылайша, соңғы бірнеше ай ішінде қалада өндірісте студенттердің зардап шеккен екінші оқиғасы тіркеліп отыр.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін