Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осымен бұл әңгіме жабылсын": Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты өсек-аяңды тоқтатуды сұрады

Жұлдыз Әбдікәрімова қасиетті Рамазан айында да өзі туралы өсек-аяңның тоқтамағанын айтып күйінді. Актриса жеке өмірін пайдаланып "хайп" қумайтынын, сол себепті де осы уақытқа дейін үндемей келгенін жеткізді. Ол, тіпті, ақылы сұхбаттардан бас тартып келгенін айтты. Айтуынша, отбасыңды, жақындарыңды жамандағаныңнан, олардың орнын басқамен алмастыра алмайсың, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қасиетті ай болса да, қасиетімізден айырар сөз қуу, өсек айту тоқтамай тұр. Хайптау да, айыптау да менікі емес. Сондықтан болар 1045 түрлі арнаның журналистері хабарласып, "ақылы" сұхбатқа шақырса да, бас тартып жүргенім. Сол бас тартқанымнан да шығар, түрлі тақырыптармен ақылға қонымсыз дүниелерді жазып жатқаны. 
Хайп керек болмағандықтан болар, ел менің бірде бір ақталуымды, даттауымды, жақтауымды, мақтауымды естімегені және өздеріңіз өсіріп жатқан статистиканы көрмегені.

Сұрақ шыққан жерден жауап та шығады. Сол үшін әркімге барып ақтарылып, ақыл сұрау да маған жат. Осымен бұл әңгіме жабылсын. Себебі 1 секундтан кейін алдымызда не күтіп тұрғанын білмейтін пенде үшін ертең не болары Құдайына ғана мәлім", - деп бөлісті Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында. 

Ол балаларымның бақытынан асқан таңдау жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Жұлдыз жақындарыңды жамандағаныңмен, олардың орнын басқамен алмастыра алмайтыныңды еске салды. 



"Фариза апамыз айтқандай, "Жамандасаң әкеңді, саған әкеп, Жақсы әкесін бере ме басқа бала...". Отбасыңды да, жұмысыңды да, көршіңді де, құдаңды да жамандағаныңмен, ешкім өзінің жақсысын саған әкеп бермейді. Онда не керегі бар?" - деді ол.

 

Талқылау