Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өшіріңіздер болды": Мөлдір Әуелбекова орынсыз сұрақ қойған Дина Төлепбергенмен тікелей эфирде сөзге келіп қалды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова тележурналист Дина Төлепбергенді уәдесінде тұрмады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Бағдарлама студиясында қос тарап сөзге келіп қалды. 

"Ел білетін, бастысы сен білетін шындықты неге айтпасқа? Бұл басқаларға өнеге болуы мүмкін" – деп сұрады Дина Төлепберген.

Тележүргізушінің бұл әрекетіне Мөлдір Әуелбекова ренішін жеткізді.

"Дина ханым, біз келістік қой, бағдарламаға келетін кезде осы сұрақты қоймаймыз дедік. Сіз маған уәде еттіңіз ғой. Мына жерде қаншама көрермен отыр, осы сұрақты не үшін қойып отырсыз? Жеке сөйлестік қой. Болды, қажет емес. Өшіріңіздер болды! Мен жауап бермеймін", – деп Мөлдір Әуелбекова кеудесіне ілінген микрофонды жұлып алады. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, тележурналистің іс-әрекетін сынап жатыр. 

“Интрига сияқты көрінді”, “Шындық болса, Динанікі дұрыс емес”, “Мөлдір бағдарламаға келгесін, бүкіл сұраққа жауап беруге міндетті”, “Әншіден күйеуінің әйелдерін сұрады ма?!”, “Арам пиғылв көп бағдарламаны тоқтату керек”, – деп жазып жатыр көпшілік. 

Еске салайық, әнші өнер жолында кедергілер барын жасырмай, қара тізімде барын айтқан еді. 

 

Талқылау