Өрт сөндіру кезінде көз жұмған павлодарлық командир қайтыс болғаннан кейін орденмен марапатталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндіру кезінде қайтыс болған №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Арыстанбек Машрапты мемлекеттік награда - ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қаза тапқан сержанттың әкесі Дулат Қабзолдинге орденді табыс етіп, ұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.
Арыстанбек Машрап 2021 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласындағы тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Ол 2018 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен.
1991 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанда қызметтік борышын орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері көз жұмды.
Еске салсақ, қайғылы жағдай 2021 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында орын алды, онда тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде Арыстанбек Машрап қаза тапты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"