Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жастағы павлодарлық өрт сөндіруші тілсіз жаудың құрбаны болды

Павлодар облысында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облыстық төтенше департаментінің мәліметінше, оқиға 25 ақпанда Ақсу шағын ауданында болған. Тілсіз жау төрт бөлмелі үйден шыққан. 

"Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылы туған Ақсу қаласы № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлаған. Өрт сөндіруші Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәрігерлер оның көз жұмғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков ауруханаға жеткізіліпті", - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Бұған қоса, департаменттегілер ажал құшқан Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарғанын жеткізді. Ол Павлодар қаласының тумасы, үйленген көрінеді.   

Талқылау