"Өрт қауіпсіздігі үшін пара": ҰҚК Шымкентте жоғары лауазымды шенеунікке қатысты тергеу бастады

Шымкентте әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау департаментінің басшысына қатысты тергеу басталды. Ол өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оң қорытынды алу үшін лауазымды тұлғаға ақша беру фактісіне күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкентте әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаевқа қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіп жатыр.
Бұған дейін оның жұмыс орнында тінту жүргізілгені туралы ақпарат тараған еді. Тергеу өрт қауіпсіздігі бойынша оң қорытынды алу үшін лауазымды тұлғаға ақша беру фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Koza4kov арнасының мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 367-бабында (лауазымды адамға немесе оған теңестірілген тұлғаға, жеке немесе делдал арқылы заңсыз түрде “пара ұсыну/беру”) көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жүргізіліп жатыр.
ОқыңызҰлттық қауіпсіздік комитеті аталған деректі растап, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады, алайда істің өзге мән-жайын жарияламады.
Руслан Тұңғышбаев бұл қызметті 2024 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді