Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұру керек": Алғашқы жұмыс күнінде Нұрлан Әлімжан жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Депутат болған Нұрлан Әлімжанов алғашқы жұмыс күні "сөз естіп қалды", деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрлан Әлімжанов

Мәжілісмен Нұрлан Нығматулин палатаға жаңа сайланған депутат Нұрлан Әлімжановқа ескерту жасаған. Ол пленарлық отырыс басталмас бұрын актерді жаңа қызметімен құттықтаған болатын. Алайда Әлімжанов орнынан тұрып, бой көрсетпеген. Сол сәтте спикер ескерту жасап, актерге орнынан тұру қажеттігін айтты.

"Нұрлан қайда? Орныңнан тұру керек. Ал біз саған қол соғамыз. Отыр", - деді Нығматулин. 

Артынша Әлімжанов ант қабылдап, ұлтқа адал қызмет ететінін, ел тәуелсіздігін сақтап, депутат қызметін адал алып жүретінін айтып уәде берген. 

Әлімжановтың сөзінше депутаттар оны мәжілістің мәдени дамуына атсалысу үшін сайлаған. Бұған дейінгі отырысқа келмей қалған Нұрлан Әлімжанов осылайша ант беру рәсімін кеш орындады. Актер не себепті алғашқы отырыста болмағанын түсіндіріп берген жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Әлімжанов "Елбасы жолы" кинокартинасында басты рөлді сомдап, халықтың көзайымына айналған. 

Талқылау