"Орыс тілі сабағында оқушыларға ЛГБТ өкілдерінің құқықтары туралы айтылады": Желіде таралған жазба қазақстандықтардың ашуын тудырды
Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орыс тілі сабағында оқушыларға ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерінің құқықтары туралы айтылатыны және бір жынысты адамдар тәрбиелеп отырған балаларды мысалға келтіретіні туралы хабарлама таратуда. Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Өскеменде мектептердің бірінде осындай сабақтар өткен екен. Бұл туралы Желіде өзін 8-сынып оқушыларының бірінің анасымын деп таныстырған әйел жазған.
ҚР БҒМ хабарлауынша, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, хабарламаға ешқандай негізі жоқ екені анықталды.
“8-сынып оқушысы ата-анасының әлеуметтік желілердегі орыс тілі сабақтарын өткізу туралы хабарламасы бойынша ШҚО білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Оқу материалының мазмұны оқытылатын "Отбасы: құқықтары мен міндеттері" бөліміне сәйкес іріктелді. Орыс тілінен осы сабақтың мазмұнына ЛГБТ қауымдастықтары өкілдерінің құқықтары кірмейді. Ата-ана ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды”, – делінген ведомство жауабында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"