"Оразаны ойынға айналдырды": Құранды рэп түрінде оқыған блогер тағы да жұртқа жақпай қалды
Juzzefina лақап атымен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева тағы да халықтың сынына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Блогер ауызашарға асығатын адамдардың іс-әрекетін әзілге арқау етіп, әріптестерімен бірге видео жариялаған еді. Алайда халық блогердің әрекетін қатаң сынады.
“Орамалды қалай болса тағып, оразаны күлкіге айналдырды”, “Жастардың приколы бітпейді”, “Парақшасын жапқызып тастау керек”, “Халал әзіл деп отырған шығар”, “Миллион қаралым жинаймын десеңдер, одан да көп видео түсіруге болады” “Оразаны ойынға айналдырды”, – деп жазды көпшілік.
-
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
-
Ораза ұстап жүріп ғайбат сөз айтып, сөз тасыса ораза бұзыла ма
Еске салайық, құрбысының тойында құранды рэп стилінде оқыған блогер халықтан оңбай сөз естіген еді.
“Екіншіден, ол жерде конкурс болды. Өнерлеріңізді көрсетіңіздер дегенде бірі рэп оқыды, екіншісі опера айтты. Ол жерде намаз оқитын кісілер мені түсінеді ғой деп мақтанғым келіп, сондай ниетпен оқыдым. Ол жерде ешқандай рэп, бит жоқ. Жұрттың соны ушықтырып жібергеніне сасқалақтап қалдым", – деп атышулы блогер ел алдында ақталған еді.