"Орамалыңды шеш немесе жұмыстан кет": Әуелбекова "Қазақконцерт" басшылығынан қысым көргенін айтты
"Қазақконцерт" мемлекеттік ұйымында жұмыс істеген Мөлдір Әуелбекова басшылықтың тарапынан орамалына қатысты қысым жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айтуынша, концерттік ұйымның басшысы хиджабты шешуді талап еткен. Кері жағдайда қызметтен кетуді сұраған. Алайда әнші мұның біреуіне де көнбепті.
"Басшылық: "Орамалыңды шеш немесе жұмыстан кет", – деді. Бірақ мен кетпедім де, шешпедім де. Қазір ресми декреттік демалыстамын. Бұйырса, шығамын әлі", – деді ол.
Әуелбекова орамалды өмірінің соңына дейін тағатынын жеткізді.
"Бұл өмірде мәңгі ешкім өмір сүрмеген, сүрмейді де. Орамалым бұйырса ақыреттік", - деді ол.

Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды