Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орамалды қылғынып таға алмаймын": Сазгер Құрманай Бақтиярқызы имиджін өзгертті

ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші, сазгер Құрманай Бақтиярқызы ауыр отадан кейін сыртқы имиджін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Көпшілік алдында хиджабпен жүріп, кейін бас киім киіп шыққан сазгердің әрекетін оқырмандары сынап тастады. 

“Ояна сала телефон ұстайтын заман болды. Осы хатты оқып, көңілім көтеріліп қалды. "Шыдаймын" деген Қайраттың әнінің тақырыбын өзім қойғанмын. Шыдаймыз сол үшінде Аллаға ұнаймыз. Алла тағалам да шыдамдылықты ұнатады. Мен орамалымды тастаған жоқпын, Алла сақтасын. Тек қылғынып таға алмаймын. Арасында имиджді өзгерткенге дайрект толып қалып жатыр", – деп жазды композитор. 



Өнер иесінің оқырмандары сазгердің қатты салмақ тастағанын да жарыса жазып жатыр. 

“Арықтағалы өзін жиі түсіріп жүр”, “Орамалдың орнына шляпа киіп жүр”, “Басқаларға еліктеп не керек”, Мына болмысыңыз сізге жарасады екен", "18 жастағы қыздай болып қалыпсыз", "Одан бетер көрікті болып кетті", – деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, 20 күн ес-түссіз жатқан сазгер сырқатының сырын ашты. 

Талқылау