Оралда екі ер адам әйелдер дәретханасында ұсталып қалып, соққыға жығылды (видео)
Фото: Видеодан скриншот
Оралда үш ер адам әйелдер дәретханасының есігін бұзып, ішіндегі екі жігітті соққыға жыққан. Жағдайға қатысты Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 17 ақпанда болған. Полиция мәліметінше, бұзып кіргендер іштегі ер адамдардың жыныстық қатынасқа түсіп жатқандай әрекет жасағанын көрген көрінеді. Жағдайдың видеосы желіде тез тарады.
"Тексеру барысында биыл 17 ақпанда Оралдағы барлардың бірінде екі ер адам соққыға жығылған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқыққа қарсы әрекет жасаған ер адам анықталып, полицияға жеткізілді", – деп хабарлады БҚО ПД.
Қазір іс бойынша барлық мән-жайды және жәбірленушілердің жеке басын анықтауға бағытталған қажет жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ екі жәбірленушінің әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды